АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ертең олар елордада өтетін ҰҚШҰ саммитіне қатысады.
Еске сала кетейік, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайынан қарсы алды.