Путин Астанаға мемлекеттік сапармен келді

© Photo : АкордаПутин и Токаев
Путин и Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды, деп хабарлады Ақорда.
© Photo : АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
Путин и Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
Мәртебелі қонақты күтіп алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді. Қазақстан мен Ресей халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті және Владимир Путин бастаған Ресей делегациясына ілтипат білдіріп, өлең оқыды.
Бұдан кейін кәсіби суретші Әсел Сабыржанқызы (Ассоль) Владимир Путин Астанаға ұшқан сәтте сала бастаған картинасын таныстырды. Ол сондай-ақ мемлекеттер басшыларына полотноны жазуға үлес қосуды ұсынды. Картина Ресей президентіне сапар соңында сыйға тартылады.
© Photo : АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
Путин и Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
Мемлекеттік сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин арасында келіссөздер болады деп күтілуде. Мемлекет басшылары сауда-экономика, көлік-логистика, отын-энергетика, ғылым және техника салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты ауқымды мәселелерді талқылайды.
Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық барысы пысықталып, қазір ушығып тұрған әлемдегі ахуалға қатысты пікір алмасады.
Сондай-ақ, екі президент Уфада өтіп жатқан Ресей мен Қазақстанның ХХ өңіраралық ынтымақтастығы форумының пленарлық отырысына қатысушыларға бейнебайланыс арқылы сөз арнайды деп жоспарланып отыр.
28 қараша Ресей басшысы Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков президенттердің Омбыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалының ашылуына бейнебайланыс арқылы қатысуы мүмкін екенін хабарлады.
Экибастузская ГРЭС-1. Павлодарская область. Казахская ССР. - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2024
Ресей Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға үлес қосуға дайын - Путин
Жаңалықтар
0