Жетісу облысында жер сілкінді

Sputnik
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Алматы тұрғындары түнде жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде тіркелді.

"Сейсмологиялык зерттеу институты“ ЖШС Астана уақытымен 23 сағат 45 минутта Жетісу облысында жер сілкінісін тіркеді", — делінген хабарламада.

Жер сілкінісі бір уақытта еліміздің бірнеше елдімекенінде сезілген
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше:
Алматы 2 балл,
Жаркент қаласы 4 балл,
Чунджа ауылы 3 балл,
Текелі 3,
Қырғызсай ауылы 2 балл,
Қарабұлақ кенті 2 балл,
Жансүгіров ауылы 2 балл,
Көкпек ауылы 2 балл,
Сарқант қаласы 2 балл,
Талдықорған қаласы 2 балл
Құтқарушылар жойқын жер сілкінісі кезінде жедел әрекет етуді үйренеді