Құтқарушылар жойқын жер сілкінісі кезінде жедел әрекет етуді үйренеді

© Sputnik/Ертай СарбасовАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2024
Жазылу
Оқу-жаттығулар азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өтеді
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. 3-4 маусымда Шығыс Қазақстан облысында "Жер-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
"Жер-2024" өткізу барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер және далалық медициналық госпиталь көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтерінің және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі.
Еске сала кетейік, 21 мамырда Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу өтіп, оған Төтенше жағдайлар департаменті мен Қарулы күштердің Алматы гарнизонының мыңнан астам қызметкері қатысты. Ол қаланың 16 ауданында бір уақытта өтті.
Государственные служащие и журналисты рядом с пожарными, работающими возле наклонившегося здания после землетрясения в Хуаляне, восточный Тайвань, Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2024
Фото
Тайваньда кейінгі 25 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі болды – фото
Жаңалықтар
0