АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Шымкентте оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, екі курсант жарақат алды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында полицейлер жоспарлы оқу-жаттығу жиынын өткізген. Сол кезде граната жарылған.
"Қазіргі уақытта екі курсант медициналық мекемеде емделіп жатыр. Олардың жағдайы тұрақты", - деп хабарлады полиция тілшімізге.