https://sputnik.kz/20220126/Tarazda-granata-zharyldy-19220129.html
Таразда граната жұмысшының қолында жарылды – оқиғаның мән-жайы
Таразда граната жұмысшының қолында жарылды – оқиғаның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
Ер адам табылған шулы жарық гранатасын ұстаған, сол кезде ол жарылып кеткен 26.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-26T14:13+0500
2022-01-26T14:13+0500
2022-05-23T15:27+0500
оқиға
граната
тараз
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/590/24/5902429_0:0:2838:1597_1920x0_80_0_0_bd0e1593e7e65d5e9dc4544f519a3a6d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Тараздағы полиция ғимаратын тазалау кезінде шулы жарық гранатасы жұмысшының қолында жарылды. Оны шұғыл қалалық ауруханаға жатқызды.Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде полиция басқармасының айналасында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 4-6 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ғимарат қатты зақымданған. Оны қалпына келтіруге мердігер компания тартылды. Осы мекеменің жұмыскері шулы жарық гранатасын тауып алған.Олардың айтуынша, ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары басталмас бұрын мердігер компаниялар мен қызметкерлерге қару-жарақ, оқ-дәрі және арнайы құралдар табылған бойда кезекші полицейлерге хабар беру қажеттігі туралы ескертілген.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 2-бөлігі бойынша тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 200 АЕК-ке (612 600 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында граната жарылды – жас жігіт қолы мен көзінен айырылды
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/590/24/5902429_101:0:2832:2048_1920x0_80_0_0_70dee90234754b9fea9d010c5173c99d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
граната, тараз
Таразда граната жұмысшының қолында жарылды – оқиғаның мән-жайы
14:13 26.01.2022 (жаңартылды: 15:27 23.05.2022) Ер адам табылған шулы жарық гранатасын ұстаған, сол кезде ол жарылып кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Тараздағы полиция ғимаратын тазалау кезінде шулы жарық гранатасы жұмысшының қолында жарылды. Оны шұғыл қалалық ауруханаға жатқызды.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде полиция басқармасының айналасында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 4-6 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ғимарат қатты зақымданған. Оны қалпына келтіруге мердігер компания тартылды. Осы мекеменің жұмыскері шулы жарық гранатасын тауып алған.
"Ол қауіпсіздік техникасын сақтамаған. Граната жарылып, бірнеше саусағын жұлып кеткен. Жұмыскер шұғыл Тараз қаласы ауруханасына жеткізілді", - дейді полицейлер.
Олардың айтуынша, ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары басталмас бұрын мердігер компаниялар мен қызметкерлерге қару-жарақ, оқ-дәрі және арнайы құралдар табылған бойда кезекші полицейлерге хабар беру қажеттігі туралы ескертілген.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 2-бөлігі бойынша тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 200 АЕК-ке (612 600 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.