Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО мен Украинаның тұрақты өкілдері "Орешник" соққысының салдарын талқылайды

Sputnik
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. НАТО-ға мүше елдердің Брюссельдегі штаб-пәтері жанындағы тұрақты өкілдері мен Украина өкілі НАТО-Украина кеңесі аясындағы арнайы отырыста Ресейдің Днепропетровскте орташа қашықтыққа ұшатын "Орешник" зымыранын қолдануының салдарын талқылайды, деп хабарлады РИА Новости.
Кездесу Киевтің бастамасымен өтеді деп хабарланды. Кездесу қарсаңында Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига түсіндіргендей, негізгі мәселе ретінде Украинаның әуе қорғанысын күшейту талқыланады. Сибига Украина кездесуден кейін нақты, мәнді нәтижелерге үміттенетінін айтты.
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін үндеу жолдап, Украина 19 қарашада Американың ATACMS зымырандары мен британдық Storm Shadow зымырандарын пайдаланып, Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Осыған жауап ретінде Ресей 21 қарашада Украинаның әскери-өнеркәсіп кешеніне соққы берді - Днепропетровскте зымыран техникасы мен қару-жарақ шығаратын ірі өнеркәсіп кешеніне соққы жасалды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
"Орешник" зымыраны сынақтан сәтті өтті – Путин Ресей қорғаныс министрлігін құттықтады