https://sputnik.kz/20241126/nato-men-ukrainanyn-turaqty-okilderi-oreshnik-soqqysynyn-saldaryn-talqylaydy-48803788.html
НАТО мен Украинаның тұрақты өкілдері "Орешник" соққысының салдарын талқылайды
НАТО мен Украинаның тұрақты өкілдері "Орешник" соққысының салдарын талқылайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. НАТО-ға мүше елдердің Брюссельдегі штаб-пәтері жанындағы тұрақты өкілдері мен Украина өкілі НАТО-Украина кеңесі аясындағы арнайы... 26.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-26T10:55+0500
2024-11-26T10:55+0500
2024-11-26T10:55+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
нато
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15881023_0:0:2919:1643_1920x0_80_0_0_19f1c4e0b294c7d62e07e468e0dd3b18.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. НАТО-ға мүше елдердің Брюссельдегі штаб-пәтері жанындағы тұрақты өкілдері мен Украина өкілі НАТО-Украина кеңесі аясындағы арнайы отырыста Ресейдің Днепропетровскте орташа қашықтыққа ұшатын "Орешник" зымыранын қолдануының салдарын талқылайды, деп хабарлады РИА Новости. Кездесу Киевтің бастамасымен өтеді деп хабарланды. Кездесу қарсаңында Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига түсіндіргендей, негізгі мәселе ретінде Украинаның әуе қорғанысын күшейту талқыланады. Сибига Украина кездесуден кейін нақты, мәнді нәтижелерге үміттенетінін айтты. Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін үндеу жолдап, Украина 19 қарашада Американың ATACMS зымырандары мен британдық Storm Shadow зымырандарын пайдаланып, Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға шабуыл жасағанын мәлімдеді. Осыған жауап ретінде Ресей 21 қарашада Украинаның әскери-өнеркәсіп кешеніне соққы берді - Днепропетровскте зымыран техникасы мен қару-жарақ шығаратын ірі өнеркәсіп кешеніне соққы жасалды.
https://sputnik.kz/20241122/oreshnik-zymyrany-synaqtan-satti-otti--putin-resey-qorganys-ministrligin-quttyqtady--48747151.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15881023_190:0:2919:2047_1920x0_80_0_0_b0f4aa9f59764304c0c4f23668eac9d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, нато
НАТО мен Украинаның тұрақты өкілдері "Орешник" соққысының салдарын талқылайды
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. НАТО-ға мүше елдердің Брюссельдегі штаб-пәтері жанындағы тұрақты өкілдері мен Украина өкілі НАТО-Украина кеңесі аясындағы арнайы отырыста Ресейдің Днепропетровскте орташа қашықтыққа ұшатын "Орешник" зымыранын қолдануының салдарын талқылайды, деп хабарлады РИА Новости.
Кездесу Киевтің бастамасымен өтеді деп хабарланды. Кездесу қарсаңында Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига түсіндіргендей, негізгі мәселе ретінде Украинаның әуе қорғанысын күшейту талқыланады. Сибига Украина кездесуден кейін нақты, мәнді нәтижелерге үміттенетінін айтты.
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін үндеу жолдап, Украина 19 қарашада Американың ATACMS зымырандары мен британдық Storm Shadow зымырандарын пайдаланып, Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Осыған жауап ретінде Ресей 21 қарашада Украинаның әскери-өнеркәсіп кешеніне соққы берді - Днепропетровскте зымыран техникасы мен қару-жарақ шығаратын ірі өнеркәсіп кешеніне соққы жасалды.