АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанда 5 жыл ішінде 1 млн адамды жасанды интеллект технологиясына оқыту жоспарланып отыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жобаны ұсынды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Бұл 500 мың оқушы, 300 мың студент, 90 мың мемлекеттік қызметші, 80 мың кәсіпкер және халықтың 30 мың басқа санатын қамтиды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар ведомство мектеп оқушыларына арналған TUMO креативті технологиялар орталығымен бірге, білім беру жобаларын іске қосуда. Сондай-ақ биылғы қазан айында ЖИ саласындағы мамандарды даярлау үшін өңірдегі алғашқы TomorrowSchool жасанды интеллект мектебі ашылды.