Жасанды интеллект әлемге танымал картиналардың заманауи нұсқасын ұсынды - фото
Жасанды интеллект әлемге танымал картиналардың заманауи нұсқасын ұсынды - фото
Sputnik Қазақстан
Бұл жоба заманауи технологиялардың мәдени мұра туралы түсінікті қалай құбылта алатынын көрсетеді. Нейрожелі атақты шедеврлерді қалай бейнелегенін қараңыз! 12.11.2024, Sputnik Қазақстан
Жасанды интеллект суретші ретінде әрекет етті. Классикалық картиналар мен мүсіндердің бейнелерін жаңғырта отырып, AI олардың заманауи үлгідегі нұсқасын ұсынды.Нәтижесінде бұл өнер туындылары қазіргі заманда салынған немесе жасалған болса, қандай болатынын көруге мүмкіндік пайда болды.
Бұл жоба заманауи технологиялардың мәдени мұра туралы түсінікті қалай құбылта алатынын көрсетеді. Нейрожелі атақты шедеврлерді қалай бейнелегенін қараңыз!
Жасанды интеллект суретші ретінде әрекет етті. Классикалық картиналар мен мүсіндердің бейнелерін жаңғырта отырып, AI олардың заманауи үлгідегі нұсқасын ұсынды.
Нәтижесінде бұл өнер туындылары қазіргі заманда салынған немесе жасалған болса, қандай болатынын көруге мүмкіндік пайда болды.
AI Сандро Боттичеллидің атақты "Венераның тууы" картинасының басқа нұсқасын ұсынды. 1486 жылы салынған бұл картина флорентиялық кескіндемелерінің ең танымал туындыларының бірі болып табылады.
Жасанды интеллект (AI) әйгілі "Венера де Милосская" мүсінінің қазіргі уақытта қандай болатынын көрсетті. Бұл біздің заманымызға дейінгі 130-100 жылдар аралығында құрастырылған эллинизм кезеңіне жататын ежелгі грек мүсіні. AI озық алгоритмдер мен технологияларды қолдана отырып, Венера бейнесін қайта жасап, заманауи стандарттарға сәйкес келетін жаңа бейне берді.
Амарна стиліндегі және жалпы ежелгі мысыр өнерінің ең танымал туындыларының бірі - Нефертити бюстінің жасанды интеллект құрастырған заманауи бейнесі. Бұл мүсіндік портретте Ежелгі Мысырдағы шамамен біздің заманымызға дейінгі 1351-1334 жылдар аралығында билік еткен реформатор-перғауын Эхнатонның әйелі Нефертитиді бейнеленген. Нефертити өз заманының сұлулық символы ғана емес, қазіргі заманда да көпшілік үшін сұлулық үлгісі болып отыр: оның бюстін көргендердің барлығын әдемілікке тамсанады.
AI Леонардо да Винчидің туындысы деп есептелетін әйгілі "Ақкіс құшақтағын ханым" картинасының өзгеше нұсқасын ұсынды. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, бұл Милан герцогы Иль Моро лақап аты бар Людовико Сфорцаның көңілдесі - Чечилии Галлеранидің портреті.
Жасанды интеллект 1482 жылы салынған Сандро Боттичеллидің "Көктем" картинасындағы үш сұлудың жаңа бейнесін құрастырды. Венераның сол жағында қол ұстасып Аглая, Евфросин және Талия билеп тұр. Сұлкулықтың бұл триадасы әйел баласына тән әсемдікті айнытпай суреттеп тұр.
Жасанды интеллект Леонардо да Винчидің әйгілі "Джокондасы" қазіргі әлемде қандай болатынын көрсетті. "Мона Лиза" немесе "Джоконда" - 1503-1505 жылдар аралығында салынған ең танымал жұмыстардың бірі.