Жыл басынан бері 16 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Sputnik
АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Биыл жыл басынан бері 16,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Биыл 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ оралды.
“Қандастардың 45,9%-і Қытайдан, 39,2% – Өзбекстаннан, 5,8% – Моңғолиядан, 5,2% – Түрікменстаннан, 2,8% – Ресейден және 1,1% басқа елдерден келді. Олардың еңбекке қабілеттісі 57,4% болса, еңбекке қабілетті жастан кішілері 33,2% болды. Ал 9,4%-ті зейнеткерлер”, - дейді ведомство.
16 535 қандастың 17,8%-і жоғары білімді, 24,8%-і орта кәсіби білімді, 54,4%-ы жалпы орта білімді және 3%-нің білім жоқ. Олар еңбек күші тапшы Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанды.
Білім
"ҰБТ-да шекті балл болмайды": қандастар үшін Қазақстанда оқу талабы жеңілдетілді