Түрмеде отырып теракт дайындағандар анықталды

Sputnik
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде радикалды діни идеологияны жақтайтын 10 азаматтың әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған азаматтардың бірі қамауды отырып, теракт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан", - деп жазылған хабарламада.
Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды. Анықталған азаматтардың бірі экстремизм үшін сотты болған. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеп жатыр. Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың сыбайласы ұсталды.
ҰҚК хабарлағандай, аталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қоғам
"Мектептерде теракт жасаймыз": полиция астаналықтардан тыныштық сақтауды сұрады