https://sputnik.kz/20241125/turmede-otyryp-terakt-dayyndagandar-anyqtaldy-48783614.html
Түрмеде отырып теракт дайындағандар анықталды
Түрмеде отырып теракт дайындағандар анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы... 25.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-25T12:34+0500
2024-11-25T12:34+0500
2024-11-25T12:34+0500
теракт
түрме
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде радикалды діни идеологияны жақтайтын 10 азаматтың әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды. Анықталған азаматтардың бірі экстремизм үшін сотты болған. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеп жатыр. Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың сыбайласы ұсталды. ҰҚК хабарлағандай, аталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
https://sputnik.kz/20240419/mektepterde-terakt-zhasaymyz-politsiya-astanalyqtardan-tynyshtyq-saqtaudy-surady-43768948.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теракт, түрме
Түрмеде отырып теракт дайындағандар анықталды
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде радикалды діни идеологияны жақтайтын 10 азаматтың әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған азаматтардың бірі қамауды отырып, теракт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан", - деп жазылған хабарламада.
Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды. Анықталған азаматтардың бірі экстремизм үшін сотты болған. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеп жатыр. Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың сыбайласы ұсталды.
ҰҚК хабарлағандай, аталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.