Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк көліктері кептелісте тұр

Sputnik
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 400-ден аса жүк көлігі кептелісте тұр.
Көліктер мемлекеттік шекараның Қазақстан аумағында "Тәжен" өткізу пунктінде жиналып қалған.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2024 жылы 25 қарашада Өзбекстан Республикасында "Дәуіт-Ата — Қоңырат" (400 шақырым) автомобиль жолының ашылуы, өткізу пунктінде көлік кептелісінің болуына әсер еткен. Осыған байланысты жүк көліктерінің ағыны көп.
"Бұдан басқа, қазіргі уақытта "Тәжен" өткізу пунктінде өткізу пунктін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұзақ күтпеу үшін, тауарларды тасымалдаудың баламалы бағыттарын таңдап немесе тауарларды жеткізуге көбірек уақыт бөлуді ұсынды.
Сондай-ақ, департамент тарапынан кедендік операцияларды жеделдетуге бағытталған қосымша шаралар қабылданған.
ЕАЭО елдерінің кеден ісіне үздік әлемдік тәжірибелер енгізіледі