Филиппин вице-президенті мемлекет басшысын өлтіруге киллер жалдағанын мәлімдеді

Sputnik
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Филиппин вице-президенті Сара Дутерте елдің қазіргі басшысы кіші Фердинанд Маркосты өлтіруге киллер жалдағанын мәлімдеді , деп хабарлайды РИА Новости .

Дутерте өзіне қастандық жасауы мүмкін деп отыр. Сол себепті кіші Фердинанд Маркос, оның әйелі мен өкілдер палатасының төрағасын өлтіруге тапсырыс беріп қойған. "Бұл қалжың емес", - деді Дутерте арнайы брифингте.
Жақында Дутерте әкімшілігінің басшысы Зулейка Лопес бюджет қаражатын заңсыз жұмсау ісі бойынша жауапқа тартылған болатын. Осыдан кейін вице-президент өзіне қастандық жасалған жағдайда қазіргі ел басшылығын өлтіруге тапсырыс берілгенін ашық айтты. Оның сөзіне қарағанда, киллер барлық нұсқауды алды және тапсырысты орындауға келісті.
Филиппин президенті кіші Фернанда Маркостың қауіпсіздік қызметі күшейтілген режимге көшкенін мәлімдеді. Ал полиция тергеу шараларына кірісті.
Айта кетері, вице-президенті Сара Дутерте - 2016-2022 жылдары Филиппин басшысы болған Родриго Дутертенің қызы. Қазіргі кезде оны есірткіге қарсы күреске қатысты іс бойынша тергеуге алды. Ал кіші Фердинанд Маркос бұрынғы диктатор үлкен Фердинанд Маркосты ұлы.
Батыс Қазақстанда мүлікті бөліскісі келмеген әйел күйеуін өлтіруге киллер жалдаған