https://sputnik.kz/20240301/mulikti-boliskisi-kelmegen-ayel-kuyeuin-oltiruge-killer-zhaldady-42603256.html
Батыс Қазақстанда мүлікті бөліскісі келмеген әйел күйеуін өлтіруге киллер жалдаған
Батыс Қазақстанда мүлікті бөліскісі келмеген әйел күйеуін өлтіруге киллер жалдаған
Sputnik Қазақстан
Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 01.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-01T08:39+0500
2024-03-01T08:39+0500
2024-03-01T09:10+0500
адам өлтіру
https://sputnik.kz/img/07e5/09/14/18179522_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_46ae5f393689893bb4361b19a7a02f58.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Жедел іс-шаралар барысында Батыс Қазақстан облысында полиция тапсырыспен кісі өлтіру әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.Өңірдің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері шұғыл түрде әрекет етіп, қылмысқа жол бермеді.Күдіктілерден олардың кінәсін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мәліметтері бойынша, қаруды сатып алу және кісі өлтіруді орындау үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға 1,3 млн теңге берген.Күдіктілер ұсталды, соттың санкциясымен оларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.Қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеліп жатыр. Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Полицияның мәліметінше, қазір жәбірленушінің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/14/18179522_205:0:1913:1281_1920x0_80_0_0_657c41941f3220ae356c825e91b08703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
адам өлтіру
Батыс Қазақстанда мүлікті бөліскісі келмеген әйел күйеуін өлтіруге киллер жалдаған
08:39 01.03.2024 (жаңартылды: 09:10 01.03.2024) Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Жедел іс-шаралар барысында Батыс Қазақстан облысында полиция тапсырыспен кісі өлтіру әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Өңірдің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері шұғыл түрде әрекет етіп, қылмысқа жол бермеді.
"Қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұсталды. Қылмысқа тапсырыс беруші күйеуімен мүлікті бөліскісі келмейтін әйел екені анықталды", - делінген полиция хабарламасында.
Күдіктілерден олардың кінәсін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мәліметтері бойынша, қаруды сатып алу және кісі өлтіруді орындау үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға 1,3 млн теңге берген.
Күдіктілер ұсталды, соттың санкциясымен оларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеліп жатыр. Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Полицияның мәліметінше, қазір жәбірленушінің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.