АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Астана прокуратурасы тұрғын үй кешендерін заңсыз салуға қатысты 16 қылмыстық іс қозғады.
6 мыңнан астам адам заңсыз құрылыс жүргізушілердің мүлкіне ақша құйған болып шықты.
"Сот прокурордың құны 7 млрд теңгеден астам аяқталмаған құрылыс нысандарын өндіру туралы 8 талап арызын қанағаттандырды. Салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді заңсыз сатқан 51 құрылыс салушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады прокуратура.
Прокуратура рұқсат құжаттары болмаса да үлескерлерден қаражатты заңсыз жинаған "Qurmangazy" тұрғын үй кешенін қиратуға рұқсат алған.
Құқық белгілейтін құжаттардың бар-жоғын және үлескерлерден аяқталған және салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне қаражат тартуға рұқсатты мына сілтеме бойынша тексеруге болады.