https://sputnik.kz/20230303/astanada-76-qurylys-nysany-zansyz-salyngan-32647046.html
Астанада 76 құрылыс нысаны заңсыз салынған
Астанада 76 құрылыс нысаны заңсыз салынған
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. Астанада заңсыз салынған 76 құрылыс нысаны тоқтатылды, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі. 03.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-03T11:25+0500
2023-03-03T11:25+0500
2023-03-03T11:25+0500
астана
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e5/03/1e/16655038_42:0:2766:1532_1920x0_80_0_0_22485c612a621045eaa6229fe05ad9c5.jpg
АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. Астанада заңсыз салынған 76 құрылыс нысаны тоқтатылды, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі. Қала аумағында рұқсат құжаттары жоқ 96 нысанның құрылысы жүргізілген. Заңсыз 76 нысанның құрылысын "Mars Project" ЖШС, "Aiz Kurylys" ЖШС, "Русалдинг Line" ЖШС, "Билдинг компани" ЖШС, "Expert Consulting Agency Kazakhstan" ЖШС, "Тауекел Инжиниринг" ЖШС, "Global Millennium" ЖШС, "Handan-Astana" ЖШС, "Oreol-Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүргізген. Бұл 76 заңсыз құрылыс нысанның жиырмасында жерге құқығы жоқ. "Сондай-ақ қалада "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР заңының талаптарын сақтау бойынша бірқатар түйткілді мәселе бар. Қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың "қара тізімі" жүйелі түрде жарияланып тұрады", - дейді ведомство. Құрылыс компаниялары үлескерлердің қаражатын мынадай жағдайларда ғана қабылдай алады:"Егер қолданыстағы заңды бұзып, сізбен мәміле жасалған жағдайда, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 9, 324-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан "Астана қаласы қалалық ортаның бақылау және сапа басқармасы" ММ уәкілетті органына хабарласуыңызды сұраймыз", - деп хабарлады қала әкімдігі.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/1e/16655038_382:0:2425:1532_1920x0_80_0_0_052a7a17014e1405ec9497214e95a16e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, құрылыс
АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. Астанада заңсыз салынған 76 құрылыс нысаны тоқтатылды, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.
Қала аумағында рұқсат құжаттары жоқ 96 нысанның құрылысы жүргізілген.
"Көппәтерлі тұрғын үй кешені нысандарын өз бетінше салу мәселесі жөніндегі жұмыс тобы заңсыз құрылыс салу фактілерін анықтап қана қоймай, рұқсат құжаттары жоқ құрылыс салушыларға жан-жақты көмек көрсетеді. 96 нысанның 20-сы құрылыс жүргізуге қажетті рұқсат құжаттарын толықтай алды", - деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Заңсыз 76 нысанның құрылысын "Mars Project" ЖШС, "Aiz Kurylys" ЖШС, "Русалдинг Line" ЖШС, "Билдинг компани" ЖШС, "Expert Consulting Agency Kazakhstan" ЖШС, "Тауекел Инжиниринг" ЖШС, "Global Millennium" ЖШС, "Handan-Astana" ЖШС, "Oreol-Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүргізген. Бұл 76 заңсыз құрылыс нысанның жиырмасында жерге құқығы жоқ.
"Сондай-ақ қалада "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР заңының талаптарын сақтау бойынша бірқатар түйткілді мәселе бар. Қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың "қара тізімі" жүйелі түрде жарияланып тұрады", - дейді ведомство.
Құрылыс компаниялары үлескерлердің қаражатын мынадай жағдайларда ғана қабылдай алады:
тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу;
Екінші деңгейлі банктің жобасына қатысу;
тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.
"Егер қолданыстағы заңды бұзып, сізбен мәміле жасалған жағдайда, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 9, 324-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан "Астана қаласы қалалық ортаның бақылау және сапа басқармасы" ММ уәкілетті органына хабарласуыңызды сұраймыз", - деп хабарлады қала әкімдігі.