Денсаулық сақтау министрлігі 2 тоннадан астам өнімді сатылымнан алып тастады

Sputnik
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі 2 тоннадан астам өнімді сатылымнан шығарды. Бұл 5 мың сынамаға бақыланған сатып алу және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу нәтижесінде орындалды.
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тексерілген өнімнің 35%-ы Бірыңғай санитарлық талаптар мен ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады.
“Республика аумағында таратылатын өнімдердің қауіпсіздігіне сараптама жүргізу нәтижесінде 439 жедел әрекет ету шарасы қабылданып, халықтың денсаулығына қауіп төндіретін 2 тоннадан астам өнім сатылымнан шығарылды. Ауыл шаруашылығы министрлігімен ынтымақтастық аясында импорттық өнім өндіретін 34 кәсіпорынға қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілді”, - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп 2023-2024 жылдары сүт өнімдері, құс еті және парфюмериялық-косметикалық өнімдердің сәйкестігі туралы 200 декларацияның әрекеті тоқтатылды және жойылды, деп хабарлады ведомстводағылар.
Сараптаманы өткізу үшін облыстық және аудандық деңгейдегі Ұлттық сараптама орталығының аккредиттелген 84 зертханасы бар.
2025 жылдың соңына дейін 7 мыңға тарта дәрі-дәрмек ЕАЭО ережесіне сәйкес келтіріледі