https://sputnik.kz/20241021/2025-zhyldyn-sonyna-deyin-7-mynga-tarta-dari-darmek-eaeo-erezhesine-saykes-keltiriledi-47986670.html
2025 жылдың соңына дейін 7 мыңға тарта дәрі-дәрмек ЕАЭО ережесіне сәйкес келтіріледі
2025 жылдың соңына дейін 7 мыңға тарта дәрі-дәрмек ЕАЭО ережесіне сәйкес келтіріледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін 6 926 дәрілік зат ЕАЭО ережесіне сәйкес келтірілуге тиіс. Бұл туралы премьер-министрдің... 21.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-21T20:34+0500
2024-10-21T20:34+0500
2024-10-21T20:34+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1a/16126491_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a767a4d413fbdd1a79efe2c011995db2.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін 6 926 дәрілік зат ЕАЭО ережесіне сәйкес келтірілуге тиіс. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.2024 жылғы қазан айындағы жағдай бойынша барлығы ЕАЭО қағидаларына сәйкестікке келтіруге 736 өтініш берілді, бұл 16,4 %-ды құрайды.Бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды тіркеу дерекнамасын ЕАЭО қағидаларына уақтылы сәйкестікке келтіру мақсатында мынадай жұмыстар жүргізуде:Сонымен қатар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар"" АҚ-мен бірлесіп, электронды үкімет шлюзіне қатыспай-ақ сілтеме түрінде қосудың балама әдісін ұсынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1a/16126491_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_cf6c279e602c543e35bffffbea269970.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
2025 жылдың соңына дейін 7 мыңға тарта дәрі-дәрмек ЕАЭО ережесіне сәйкес келтіріледі
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін 6 926 дәрілік зат ЕАЭО ережесіне сәйкес келтірілуге тиіс. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.
2024 жылғы қазан айындағы жағдай бойынша барлығы ЕАЭО қағидаларына сәйкестікке келтіруге 736 өтініш берілді, бұл 16,4 %-ды құрайды.
Бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды тіркеу дерекнамасын ЕАЭО қағидаларына уақтылы сәйкестікке келтіру мақсатында мынадай жұмыстар жүргізуде:
ЕАЭО қағидаларына сәйкестендіру үшін сараптамалық жұмыстарды жүргізу мерзімдерін жеделдету (70 жұмыс күніне дейін);
Отандық тауар өндірушілер үшін ЕАЭО қағидалары бойынша сараптамалық жұмыстардың құнын90 %-ға дейін төмендету;
ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар сараптамасы бойынша Портал әзірленіп іске қосылды;
ЕАЭО қағидаларына сәйкес келтіру бойынша бизнеске консультация беру үшін call-орталық құрылды (тел. 8-800-080-0071);
Отандық тауар өндірушілер және шетелдік өндірушілерден ЕАЭО қағидаларына сәйкес келтіру графигі бекітілді;
апта сайын өтініш берушілермен кездесулер өткізіледі;
ДЗСҰО сайтында ЕАЭО қағидаларына сәйкес келтіру жөніндегі алгоритмі бар толық ақпарат жарияланды;
ДЗСҰО ақпараттық жүйесінің базасында дәрілік заттарды тіркеу дерекнамасын XML форматына көшіру функционалын интеграциялау жүргізілуде.
Сонымен қатар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар"" АҚ-мен бірлесіп, электронды үкімет шлюзіне қатыспай-ақ сілтеме түрінде қосудың балама әдісін ұсынды.