Қыркүйекте 164 мыңға тарта автокөлік есепке қойылды

Қазақстанда көліктің 81,9% бензинмен жүреді
Sputnik
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. 2024 жылдың қыркүйегінде 163,9 мың автокөлік есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% кем, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
1 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 614,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автокөлік, 9,9% – жүк көлігі және 2,1% – автобус.
Көліктің 81,9% бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,4%, дизель отынымен – 7,1%.
Газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 213 бірлікке артты, көліктің жалпы санында газ баллоны бар автомобильдің үлесі 0,3% құрады.
Тағы 11 706 бірлік автомобиль электр энергиясы есебінен қозғалады және олардың жалпы көлік санындағы үлесі 0,2% құрады, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда электромобильдер саны 1,8 есе өсті.
Қазан айында 20 мыңнан аса жаңа автокөлік сатылды