https://sputnik.kz/20241114/qazan-ayynda-20-mynnan-asa-zhana-avtokolik-satyldy-48536416.html
Қазан айында 20 мыңнан аса жаңа автокөлік сатылды
Қазан айында 20 мыңнан аса жаңа автокөлік сатылды
Sputnik Қазақстан
Қазандағы үздік бестікке Chevrolet, Hyundai, Kia, Chery және Toyota енді 14.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-14T22:48+0500
2024-11-14T22:48+0500
2024-11-14T22:48+0500
автокөлік
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838037_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_b481f7c959caff771e69d661009670c7.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. 2024 жылдың қазанында Қазақстан аумағында ресми дилерлер 21 491 жеңіл және коммерциялық автомобильді сатты, деп хабарлады "Қазақстанның Автокөлік Одағы".Бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 18,3% жоғары көрсеткіш. Жалпы он айда 158 621 автомобиль өткен (+1,5%).Күздің екінші айында Chevrolet 6 265 көлік сатып, көш бастады (былтырғы қазанмен салыстырғанда +64%). Одан кейінгі екі орынға Hyundai (2 955 бірлік; -13,5%) мен Kia (2 412; +1,1%) жайғасты. Содан соң тізімде Chery (1 385; +15%), Haval (1329; +69,1%), Toyota (1 176; -0,7%), Jac (981; +23,7%), Jetour (907; +46,3%), Geely (652; +86,3%) және Changan (618; +13,8%) тұр.Қазан айындағы ең танымал модельдер арасында екінші ай қатарынан Chevrolet Cobalt (5857) алда келеді. Hyundai Tucson (1 327 ) екінші сатыға орналасса, Kia Sorento үштікті түйіндеді (746). Төртінші орын бұл жолы Kia Sportage (734 ) кроссоверіне бұйырды. Бұдан бөлек тізімде Hyundai Elantra (673 ), Haval M6 (672 ), Chery Tiggo 2 (556 ), Toyota Camry (516 ), Chery Tiggo 7 Pro (440) және Haval Jolion (391 ) бар.Он ай қорытындысы бойынша дәстүрлі түрде Hyundai (34 169 бірлік) үздік атанды. 22 045 данасы сатылған Chevrolet екінші орынға көтерілді. Kia (19 470 бірлік) үшінші сатыға тұрақтады. Chery брендінің 11 976 кроссовері мен седаны төртінші болып тұр. Jac (9 087) бесінші орын иеленсе, Toyota алтыншы қатардан көрінді (8 579). Содан соң тізімде Haval (8 221), Jetour (7 437 ), Changan (6 734) және Geely (6 259) тұр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838037_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_bd512d7a816830c22639594270260a68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік
Қазан айында 20 мыңнан аса жаңа автокөлік сатылды
Қазандағы үздік бестікке Chevrolet, Hyundai, Kia, Chery және Toyota енді
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. 2024 жылдың қазанында Қазақстан аумағында ресми дилерлер 21 491 жеңіл және коммерциялық автомобильді сатты, деп хабарлады "Қазақстанның Автокөлік Одағы".
Бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 18,3% жоғары көрсеткіш. Жалпы он айда 158 621 автомобиль өткен (+1,5%).
"Қазан айында 20 мыңнан астам автокөлік сатылды, бұл биылғы жылдың ең жақсы көрсеткіші. Маркетинг кампаниялары жыл аяғына дейін қолдау көрсететіні анық. Жалпы 2024 жыл да, алдағы жыл да автомобиль нарығы үшін тұрақтылық кезеңі болады", - деді "Қазақстанның Автокөлік Одағы" президенті Анар Мақашева.
Күздің екінші айында Chevrolet 6 265 көлік сатып, көш бастады (былтырғы қазанмен салыстырғанда +64%). Одан кейінгі екі орынға Hyundai (2 955 бірлік; -13,5%) мен Kia (2 412; +1,1%) жайғасты. Содан соң тізімде Chery (1 385; +15%), Haval (1329; +69,1%), Toyota (1 176; -0,7%), Jac (981; +23,7%), Jetour (907; +46,3%), Geely (652; +86,3%) және Changan (618; +13,8%) тұр.
Қазан айындағы ең танымал модельдер арасында екінші ай қатарынан Chevrolet Cobalt (5857) алда келеді. Hyundai Tucson (1 327 ) екінші сатыға орналасса, Kia Sorento үштікті түйіндеді (746). Төртінші орын бұл жолы Kia Sportage (734 ) кроссоверіне бұйырды. Бұдан бөлек тізімде Hyundai Elantra (673 ), Haval M6 (672 ), Chery Tiggo 2 (556 ), Toyota Camry (516 ), Chery Tiggo 7 Pro (440) және Haval Jolion (391 ) бар.
Он ай қорытындысы бойынша дәстүрлі түрде Hyundai (34 169 бірлік) үздік атанды. 22 045 данасы сатылған Chevrolet екінші орынға көтерілді. Kia (19 470 бірлік) үшінші сатыға тұрақтады. Chery брендінің 11 976 кроссовері мен седаны төртінші болып тұр. Jac (9 087) бесінші орын иеленсе, Toyota алтыншы қатардан көрінді (8 579). Содан соң тізімде Haval (8 221), Jetour (7 437 ), Changan (6 734) және Geely (6 259) тұр.