АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Шымкент қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір мезгілде екі күрделі ота жасады, деп хабарлады otyrar.kz
Сәби жүктіліктің 31-ші аптасында 2350 грамм салмақпен дүниеге келген және оның нәрестенің жағдайы ауыр болған. Балаға құрсақ қуысының туа біткен ақауы деген диагноз қойылып, ол дереу хирургиялық жолмен емдеуді қажет етті.
Неонатальды хирургияның заманауи әдістерін қолдану арқылы білікті мамандармен жасалған ота барысында кіндік жарығы мен бауыр кистасы сәтті алынып тасталды. Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің бақылауында.
"Жаңа туған нәрестенің жағдайы өте ауыр болды. Антенатальды кезеңде көптеген ақау анықталды, оның ішінде эмбрионды жарық және бауыр кистасы бар. Бұл шұғыл хирургиялық емдеуді қажет етті. Мұндай операциялардың маңызы зор және туа біткен патологиясы бар сәбилерді аман алып қалуға мүмкіндік береді", - деді Шымкент қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің неонатология жөніндегі орынбасары Гүлмира Будукова.