https://sputnik.kz/20241117/shala-tugan-naresteler-kuni-sabilerdin-omir-suru-dengeyi-4-ese-osti-48600273.html
Шала туған нәрестелер күні: сәбилердің өмір сүру деңгейі 4 есе өсті
Шала туған нәрестелер күні: сәбилердің өмір сүру деңгейі 4 есе өсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Бүгін, 17 қарашада бүкіл әлемде 2009 жылы Еуропалық жаңа туған нәрестелерге күтім жасау қоры (EFCNI) құрған шала туған нәрестелер... 17.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-17T14:41+0500
2024-11-17T14:41+0500
2024-11-17T16:05+0500
сәби
ана мен бала
https://sputnik.kz/img/07e8/04/1b/43957844_0:817:2048:1969_1920x0_80_0_0_24fd94d6e31b5aeaef3d120fd147a7bb.jpg
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Бүгін, 17 қарашада бүкіл әлемде 2009 жылы Еуропалық жаңа туған нәрестелерге күтім жасау қоры (EFCNI) құрған шала туған нәрестелер күні атап өтіледі. Осы орайда денсаулық сақтау министрлігі елдегі статистиканы жариялады.Жалпы әлемде жыл сайын 15 миллион нәресте шала туады, бұл барлық жаңа туған нәрестелердің шамамен 10%-ын құрайды. Қазақстанда жыл сайын 20-22 мың бала мерзімінен бұрын туады, бұл барлық туған сәбилердің шамамен 5%-ын құрайды. Жүктілігі 36 аптадан аз және дене салмағы 2500 грамнан кем туған бұл балалар ерекше назар мен күтім жасауды қажет етеді.Қазақстанда қазіргі заманғы тиімді перинаталдық технологиялар дене салмағы 500 грамнан және салмағы 1000 грамнан төмен жаңа туған нәрестелерге сәтті күтім жасауға мүмкіндік береді.Соңғы 15 жылдың ішінде Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді: нәресте өлімінің көрсеткіші 3 есе, неонаталдық өлім 3,3 есе төмендеді, ал дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе өсті. Бұл нәтижелер Орталық Азия елдерінің арасында үздік болып табылады, дейді министрліктегілер.
https://sputnik.kz/20241007/astanada-referendum-kuni-39-sabi-omirge-keldi-47639874.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/1b/43957844_0:625:2048:2161_1920x0_80_0_0_3faf08644f5ad61abd4398d21901c9cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сәби, ана мен бала
Шала туған нәрестелер күні: сәбилердің өмір сүру деңгейі 4 есе өсті
14:41 17.11.2024 (жаңартылды: 16:05 17.11.2024) АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Бүгін, 17 қарашада бүкіл әлемде 2009 жылы Еуропалық жаңа туған нәрестелерге күтім жасау қоры (EFCNI) құрған шала туған нәрестелер күні атап өтіледі. Осы орайда денсаулық сақтау
министрлігі елдегі статистиканы жариялады.
Жалпы әлемде жыл сайын 15 миллион нәресте шала туады, бұл барлық жаңа туған нәрестелердің шамамен 10%-ын құрайды. Қазақстанда жыл сайын 20-22 мың бала мерзімінен бұрын туады, бұл барлық туған сәбилердің шамамен 5%-ын құрайды. Жүктілігі 36 аптадан аз және дене салмағы 2500 грамнан кем туған бұл балалар ерекше назар мен күтім жасауды қажет етеді.
Қазақстанда қазіргі заманғы тиімді перинаталдық технологиялар дене салмағы 500 грамнан және салмағы 1000 грамнан төмен жаңа туған нәрестелерге сәтті күтім жасауға мүмкіндік береді.
"Елімізде заманауи жабдықтармен жабдықталған жоғары мамандандырылған кешенді көмек көрсету үшін 39 перинаталдық орталық жұмыс істейді. Мемлекет басшысы тапсырмасының шеңберінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 12 жаңа перинаталдық орталық салу жоспарлануда", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Соңғы 15 жылдың ішінде Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді: нәресте өлімінің көрсеткіші 3 есе, неонаталдық өлім 3,3 есе төмендеді, ал дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе өсті. Бұл нәтижелер Орталық Азия елдерінің арасында үздік болып табылады, дейді министрліктегілер.