Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы қақтығысты шешу үшін аянбай жұмыс істеуге уәде берді

Sputnik
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтататын кез келгенін айтып, бұл мәселеде тағы да “аянбай жұмыс істеуге” уәде берді, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз Таяу Шығыс бойынша жұмыс істейтін боламыз. Сонымен қатар біз Ресей мен Украина бойынша өте қатты жұмыс істейтін боламыз. Мұны тоқтататын кез келді. Ресей мен Украинаның тоқтайтын уақыты келді", - деді Трамп Мар-а-Лагодағы өткен шарада.
Бірақ ол украин қақтығысын реттеу жоспарының мән-жайын анықтап айтқан жоқ.
Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөз арқылы реттеуге қол жеткіземін деп уәде берген болатын. Ол Украинадағы қақтығысты бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеген. Ресей Федерациясы бұл қарапайым жолмен оңай шешіле салатын мәселе емес деп санайды. Трамп АҚШ-тың Украинадағы қақтығысқа деген көзқарасын бірнеше рет сынап, Зеленскийді де сынға алды. Ол Зеленскийдің әрбір сапары миллиардтаған долларлық көмекпен аяқталатынын айтты.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерген болатын. Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатып, келіссөздерге дайын екенін жариялайды. Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын және демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға тиіс деп айтты. Ресей басшысы Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың жойылуын да тілге тиек етті.
Украина қарулы күштерінің Курск аймағына шабуылынан кейін Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп атады. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кейінірек Путин бұрын мәлімдеген ұсыныстары күшін жоймағанын, бірақ қазіргі уақыттағы жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп жақын арада Ресейге баруы мүмкін – сарапшы