"Семей орманы" қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген

Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген
Sputnik
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Абай облысында прокуратура "Семей орманы" МОТР қызметкерлері жалған дипломмен жұмысқа орналасқанын анықтады.
Резерваттың 5 қызметкері, оның ішінде бір филиал басшысы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломмен жұмыс істеген.
"Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген", - деп жазылған прокуратура хабарламасында.
Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.
Жалған дипломмен ауылға барған мамандар анықталды