Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Антальядан табылды

Sputnik
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан аса ірi мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.
Астанада 2022 жылдың желтоқсанында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында одан 17 қапшықта аса ірі көлемде меткатинон тәркіледі.
Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды.
Ағымдағы жылғы қазанда күдікті Анталья қаласында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
27 млн жымқырып қашып кеткен қазақстандық Түркиядан экстрадицияланады