27 млн жымқырып қашып кеткен қазақстандық Түркиядан экстрадицияланады

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек - Sputnik. Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденгені үшін күдікті болған қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Бүгін Бас прокуратура және ішкі істер министрлігінің интерпол қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Түркия Республикасынан Қазақстан азаматын экстрадициялады.
"Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізіп, өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатын заңсыз иемденген", - дейді ведомство.
Қылмыс жасаған күдікті жасырынған, оған халықаралық іздеу жарияланған.
"Тамызда ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды", - дейді Бас прокуратура.
Бұндай қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, дейді құзырлы орган.
Жаңалықтар
0