Ақтөбедегі тікұшақ апаты: министрлік негізгі себебін атады

Sputnik
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ақтөбедегі тікұшақ апатының негізгі себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
9 қарашада Мәртөк ауданындағы Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырады. Бортта үш адам болған. Оның біреуі апат болған жерде көз жұмды.
“Қазіргі кезде тергеу шаралары жүріп жатыр. Тікұшақтың қандай жағдайда апатқа ұшырағаны анықталады. Әртүрлі нұсқа бар, бірақ негізгісі - техникалық ақау”,- деді Жазықбаев сенатта өткен баспасөз мәслихатында.
Қорғаныс министрінің орынбасары апатта қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтты.
Тікұшақ апатынан қаза тапқан офицердің аты-жөні белгілі болды