Алматы әуежайының ескі және жаңа терминалы арасында көпір ашылды

Sputnik
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Алматы әуежайының халықаралық рейстерге арналған жаңа терминалы мен ішкі рейстерге арналған ескі терминалы арасында жаңа көпір ашылды.
Бұған дейін екі терминал арасында тікелей байланыс болмаған еді. Ескі не жаңа терминалдан екіншісіне бару үшін ғимараттың сыртына шығып, жаяу жүру қажет болатын.
"Алматы әуежайында терминалдар арасында жаңа көпірдің құрылысы аяқталғанын қуана хабарлаймыз. Енді халықаралық және ішкі терминалдар арасында көшеге шықпай-ақ оңай және жылдам өтуге болады", — деп хабарлады әуежай әлеуметтік желіде.
Қазақстанда үш әуе компаниясына айыппұл салынды