Қазақстанда үш әуе компаниясына айыппұл салынды

© пресс-служба ОАК / Медиабанкке өтуСамолет SSJ-100 с импортозамещенным оборудованием выполнил первый полет
Самолет SSJ-100 с импортозамещенным оборудованием выполнил первый полет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Көлік министрлігінің авиация әкімшілігі жүргізген тексерулердің нәтижесінде 3 әуе компаниясы мен 4 ұшқыш әкімшілік жауапқа тартылды.
Бүгінде еліміздің авиация әкімшілігі Көлік министрінің тапсырмасына сәйкес Ан-2 ұшақтарын тексеруге қатысты жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды жоспардан тыс тексеріп жатыр.
Тексеру қорытындысына сәйкес әуе кемелерін пайдалану кезінде азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің келесі талаптары бұзылған:
командир әуе куәлігінсіз ұшқан (4 факті тіркелді) және ол туралы әуе қозғалысы қызмет көрсету органына хабарламаған;
ұшу құжаттамасының болмауы;
әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету құжатын орталыққа жібермеген.
Ведомство таратқан ақпаратта, әуе компанияларына қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстары жалғасып жатқаны айтылған. Тамыз айында 6 әуе қызметі тексерістен өтеді, ал шілдеде 10 әуе компаниясын іріктеп тексеру жүрді.
"Қазақстанның авиация әкімшілігі жүргізген тексерулердің нәтижесінде шағын авиацияға жататын 3 әуе компаниясы мен 4 ұшқышқа ҚР Азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін 11 айыппұл салды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0