Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Германия қорғаныс министрі Трамп Путинмен мәміле жасауы мүмкін екенін айтты

Sputnik
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Германия қорғаныс министрі Борис Писториус АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Украина мәселесі бойынша мәмілеге келуі мүмкін деп санайды, деп жазды немістің Süddeutsche Zeitung газеті.
Басылымның хабарлауынша, Писториус Трамптың Украинаға қатысты келіссөзінің жылдам нәтижесі болуы мүмкін деп санайды, "бірақ бұл Еуропа үшін де, Украина үшін де тиімсіз болмақ".
"Иә, мұндай қауіп бар және ол жүзеге аспайды деп үміттенемін", - деді Писториус Süddeutsche Zeitung газеті ұйымдастырған іс-шарада.
Бұған дейін Түркияның Habertürk телеарнасы Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздер 2025 жылдың қаңтарына дейін Ыстамбұлда басталуы мүмкін екенін хабарлады.
АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөз арқылы реттеуге қол жеткіземін деп уәде берген болатын. Ол Украинадағы қақтығысты бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеген.
Ресей Федерациясы бұл қарапайым шешіле салмайтын тым күрделі мәселе деп санайды. Трамп АҚШ-тың Украинадағы қақтығысқа деген көзқарасын бірнеше рет сынап, Зеленскийді де сынға алды. Ол Зеленскийдің әрбір сапары миллиардтаған долларлық көмекпен аяқталатынын айтты.