АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. 2024 жылы 124 млрд теңгеге дәрі-дәрмек шығарылып, отандық фармацевтикалық өндіріс көлемі 18%-ға артты. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2024 жылы ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша фармацевтикалық өнімнің 702 түрі сатып алынды. 2025 жылы өндіріс көлемін 1 728 атауға дейін ұлғайту жоспарлануда", — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
Ол 2025 жылдан бастап қолданыстағы отандық тауар өндірушілерді қолдай отырып шығарылатын отандық препараттардың тізбесі кеңейтілетінін айтты. Жаһандық халықаралық фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық жандандырылады, сондай-ақ офтейк келісімшарттарды енгізе отырып, ұзақ мерзімді шарттар жасасу талаптары қайта қаралады.
Айта кетері Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібі 207 өндірушіні қамтиды, оның 43-і дәрілік заттарды өндірушілер.