Алматы облысында жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Sputnik
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Алматы облысында 2 қарашада хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 51 жастағы ер адамның мәйіті бір аптадан кейін Алмалыбақ ауылының шетінен табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған.
"Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады", - деп жазылған хабарламада.
Жедел іздестіру іс-шараларының барысында 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән жайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен азаматтың мәйіті өртенген көліктен табылды