Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен азаматтың мәйіті өртенген көліктен табылды

© Photo : pixabay.comГорящий автомобиль, иллюстративное фото
Горящий автомобиль, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 қазан – Sputnik. Жетісу облысында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

"8 қазанында Талдықорған қаласының шетінде хабар-ошарсыз кеткен, облыс орталығы тұрғынының мәйіті өз көлігінде табылды", - дейді ведомстводағылар.

Марқұмның Талдықорғанның 47 жастағы тұрғыны екені анықталған. Ер адамды өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберуі мүмкін деген болжам бар.
"Қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүріп жатыр", - дейді полиция.
Пожар в частном строении - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2024
Таразда жақында түрмеден шыққан ер адам үйімен бірге әйелін өртеп жіберген
Жаңалықтар
0