Павлодар облысынан елордаға дейінгі жол уақытша жабылады

Sputnik
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Павлодардан Астанаға дейінгі жол уақытша жабылады, деп хабарлады Pavlodarnews.kz өңірлік төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ауа райының қолайсыздығынан Павлодар мен Астана арасындағы жол уақытша жабылады.
Павлодар облысының Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін тас жол жабылады.
Автокөліктің барлық түрлері үшін жол 20:00-ден бастап жабылады. Ақмола облысында ауа райының нашарлауынан қарлы боран болып, жол көрінбей қалған.
Ақмола облысында полицейлер 600-ге жуық көлікті бораннан шығарды