Ақмола облысында полицейлер 600-ге жуық көлікті бораннан шығарды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2024
Жазылу
Іс-шараларға 49 полиция қызметкері мен 24 патрульдік автокөлік жұмылдырылды
АЛМАТЫ, 10 қазан – Sputnik. Ақмола облысында полицейлер боранда қалған 600-ге жуық көлікке жол көрсетіп жүрді, деп хабарлады Polisia kz.
Мұндай шешімді 9-10 қарашада облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны мен рота қызметкерлері жол апатын болдырмау мақсатында қабылдады.
"Тәртіп сақшылары Астана-Петропавл және Астана-Ерейментау-Шідерті автожолы бойынша жүретін 500-ге жуық жеңіл және 150-ге жуық жүк көлігін ертіп жүрді. Іс-шараларға 49 полиция қызметкері мен 24 патрульдік автокөлік жұмылдырылды", - дейді ведомство.
Бүгін кешке ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс тағы да шектеледі. Осыған байланысты Ақмола полицейлері автокөлік иелеріне қозғалыс бағыттарын түзетуді және ауа райының өзгеруі және жолдардың жабылуы туралы арнайы қызметтердің хабарламаларын ескеруді сұрайды.
Сильный дождь в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2024
Астанада жел салдарынан бірнеше ғимараттың шатыры қирады
Жаңалықтар
0