АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Digital Union жаңа идеясы ЕАЭО елдеріндегі экономиканы цифрландырудың табысты тәжірибесіне негізделген, деп мәлімдеді ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев.
Бұл Еуразиялық экономикалық одақ аумағында енгізіліп жатқан заманауи шешімдер мен цифрлық егемендікті сақтау үшін маңызды.
Тұжырымдаманың ең маңызды мақсаты – біздің халықтарымыз бен бизнесімізге еуразиялық экономикалық интеграцияның артықшылықтарын көрсету, деді Сағынтаев.
Digital Union үш принцип бойынша құрылады:
Digital Union құру кезінде нормативтік және инфрақұрылымдық шешімдердің үйлесімділігі;
ұлттық цифрлық платформалардағы синхрондау және үздіксіз өзара әрекеттесу мүмкіндігі;
ұйымға мүше мемлекеттер дайын болатын көлемде және қарқында барлық төрт еуразиялық "еркіндікті" цифрландыру.
Сондай-ақ еуразиялық "бестік" елдерінің азаматтары мен заңды тұлғаларын деректерді жолдаусыз сәйкестендіру мен аутентификацияның өзара мойындалған жүйесін қалыптастыру маңызды.
Бұл жүйелерді өзара тану бойынша пилоттық жобаны ЕЭК Армения және Қырғызстанмен бірлесіп жүзеге асырып жатыр, Қазақстан жобаға енді қосылуда.
"Біз ұсынған Digital Union тұжырымдамасы қазіргі цифрлық трансформация кезеңіндегі барлық қажеттілікке жауап берді. Креативті көзқарас пен міндеттерді терең түсінудің арқасында тұжырымдама оңтайлы болды және заманауи жағдайда баламасы жоқ", - деді Бақытжан Сағынтаев.
Цифрлық шешімдерден бөлек оларды жүзеге асыратын мамандар да маңызды. Сағынтаев ЕЭК штаб-пәтерінде "Сбербанк" ЖАҚ креативті бөлімінің өкілдерімен кездесті. Команда цифрлық жаңашылдықтарды енгізіп, заманауи жұмыс әдістерін дамытуға белсенді түрде үлес қосады.
Digital Union тұжырымдамасын визуализациялау және танымал еткендері үшін "Сбербанк" командасының өкілдеріне алғыс хаттар, құрмет грамоталары және "Еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгілері берілді.