АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. БРИКС және басқа да жаңа жаһандық құрылымдар өзіңмен-өзің болу еркіндігін ұсынады, деп мәлімдеді "Россия сегодня" халықаралық медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев ТМД елдерінің III медиа форумында сөйлеген сөзінде.
Ол БРИКС және басқа да жаңа жаһандық құрылымдар елдердің өзімен-өзі болуға деген ұмтылысын білдіретінін атап өтті.
"Көпполярлық, БРИКС, осы жаңа форматтар, әлемдік құрылымдар – өзіңмен-өзің болуды сұраудан басқа ештеңе емес. Түркия түрікше, Қытай қытайша, Швеция шведше болсын. Америкалықтар бұлай айтпайды, олар америкалық бол, әйтпесе, санкция саламыз дейді", - деп атап өтті "Россия сегодня" бас директоры.
Киселевтің пікірінше жаһандық ұсынысты Ресей ұсынып отырған еркіндіктен асырып тартымды етіп елестету мүмкін емес.
"Біз өзіңмен-өзің болуды ұсынамыз және біз мүлдем әртүрлі адамдардың үйлесімділігі үшін технология ұсынамыз. Үйлесімділік - бұл әмбебап, біртұтас есеп айырысу жүйесі. Біз банктер арасында есеп айырыса алу үшін Қазандағы БРИКС-те осы мәселені келістік. Бұл ортақ валюта емес, купон немесе банкнота емес", - деп нақтылады ол.
Мәскеуде "Құбылмалы әлемдегі медианың дамуы" атты ТМД елдерінің ІІІ медиафорумы өтіп жатыр. Онда "Қазіргі медиа: газеттер мен журналдардан жасанды интеллектке дейін", "Медиа трендтері және форматтар күресі", "Медиа: болашақты басқару" және тағы басқа тақырыптар талқыланады.