Ақтөбеде боранда жоғалып кеткен малшы табылды

Оған медициналық көмек қажет болмады
Sputnik
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Ақтөбеде құтқарушылар боранда жоғалып кеткен адамды тапты, деп хабарлады ТЖМ.
1959 жылы туған ер адам ауа райының қолайсыздығына қарамастан мал жаюға кетіп, байланысқа шықпай қалған.
"Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының Құршысай тұрғын алабынан 8 шақырым жерден адасып кеткен адам табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ ауа райы нашарлаған кезде елді мекеннен шығу өмірге қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.
"Атыммен бірге ұйықтадым": Аягөзде боранда қалған бала оқиғаның қалай болғанын айтты