АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Дональд Трамп жеңіске жетті, деп мәлімдеді Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон.
АҚШ президентін сайлаудың болжамды нәтижерелір
© РИА Новости
"Дональд Трамп қазір біздің сайланған президентіміз, дәл осындай уақытта америкалықтар өз таңдауын жасады", - деп жазды Джонсон X әлеуметтік желіcінде.
Америкалық БАҚ Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жетеді деп болжаған еді. Бұл ел тарихында бір президенттің АҚШ-та қатарынан екі мерзімге бірден сайланбаған екінші жағдай. Біріншісі 19 ғасырдың аяғында Гровер Кливленд болды.

Ал Трамптан жеңілген Камала Харрис келер жылдың 6 қаңтарында сайлау нәтижесін және қарсыласының жеңісін сенат төрағасы ретінде бекітеді.
Айта кетсек, 5 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтті. Демократиялық партиядан вице-президент Камала Харрис, Республикалық партиядан бұрынғы президент Дональд Трамп бәсекеге түсті.