https://sputnik.kz/20241018/tramp-zhenisinen-keyin-kievke-qoldau-azayuy-mumkin---europarlament--47919685.html
Трамп жеңісінен кейін Киевке қолдау азаюы мүмкін - Еуропарламент
Трамп жеңісінен кейін Киевке қолдау азаюы мүмкін - Еуропарламент
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп алдағы президент сайлауында жеңіске жетсе, Батыстағы жағдай өзгеруі мүмкін, Киевке үлкен... 18.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-18T11:32+0500
2024-10-18T11:32+0500
2024-10-18T11:32+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
дональд трамп
еуропа
https://sputnik.kz/img/07e5/01/14/16082031_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_6586fa12103fef5cf312e06206cb6c98.jpg
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп алдағы президент сайлауында жеңіске жетсе, Батыстағы жағдай өзгеруі мүмкін, Киевке үлкен көлемде қару-жарақ пен қаржыны жіберуді тоқтатуы мүмкін, деп мәлімдеді Еуропарламенттегі Словакия депутаты Любош Блага РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.Оның айтуынша, Еуропадағы "русофобтардың" өзі де Киевтің ерте ме, кеш пе, Мәскеумен келісімге келуге мәжбүр болатынын және аумаққа деген талаптардан бас тартуы мүмкін екенін түсінеді.Ол Будапешт пен Братислава Ресеймен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру процесінде "пионер" бола алатынына сенімді екенін айтты. Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізумен ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы қақтығысқа тікелей араласуда. Кремль Украинаны Батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету келіссөздерге көмектеспейді және кері әсер етеді деп мәлімдеді.
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/14/16082031_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_54b8dcecfd1bf028a9a22008e22f43d6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дональд трамп, еуропа
Трамп жеңісінен кейін Киевке қолдау азаюы мүмкін - Еуропарламент
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп алдағы президент сайлауында жеңіске жетсе, Батыстағы жағдай өзгеруі мүмкін, Киевке үлкен көлемде қару-жарақ пен қаржыны жіберуді тоқтатуы мүмкін, деп мәлімдеді Еуропарламенттегі Словакия депутаты Любош Блага РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
"Егер Дональд Трамп жеңіске жетсе, бұл бүкіл атмосфераны өзгертуі мүмкін, өйткені ол ресейліктермен мәселені реттегісі келеді. Бәлкім, ол украиндарға мұндай көп көлемде қару мен миллиардтаған доллар жібермейтін шығар", - деді Блага агенттікке.
Оның айтуынша, Еуропадағы "русофобтардың" өзі де Киевтің ерте ме, кеш пе, Мәскеумен келісімге келуге мәжбүр болатынын және аумаққа деген талаптардан бас тартуы мүмкін екенін түсінеді.
"Ресейге қарсы көптеген қарар қабылдауға болады, бірақ бұл қазіргі шынайы жағдайды өзгертпейді. Сондықтан, менің ойымша, еуропалық саясаткерлер, әсіресе АҚШ-тағы сайлауда Трамп жеңіске жетсе, бұл мәселеде ақылда жүгіне бастайды. Сондықтан алдағы бірнеше айда еуропалық саясаткерлер Мәскеумен ашық диалогты бастауы мүмкін деп ойлаймын", - деді Еуропарламент депутаты.
Ол Будапешт пен Братислава Ресеймен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру процесінде "пионер" бола алатынына сенімді екенін айтты.
"Біз мұны біздің моральдық борышымыз деп есептейміз. Бізге анығында да бейбітшілік керек", - деді Блага.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізумен ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы қақтығысқа тікелей араласуда. Кремль Украинаны Батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету келіссөздерге көмектеспейді және кері әсер етеді деп мәлімдеді.