АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ол кәсіпкерлік субъектісінен шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты құнының 5 пайызын, яғни 4,4 млн теңгені пара ретінде алды деп айыпталуда.
Соттың санкциясымен лауазымды тұлға мен кәсіпкер үй қамағына алынды.