https://sputnik.kz/20241009/astanada-para-algan-qurylys-kompaniyasynyn-basshysy-sottaldy-47709246.html
Астанада пара алған құрылыс компаниясының басшысы сотталды
Астанада пара алған құрылыс компаниясының басшысы сотталды
Sputnik Қазақстан
Сот үкімімен "Елорда Құрылыс Компаниясы" бас директорына 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды 09.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-09T17:34+0500
2024-10-09T17:34+0500
2024-10-09T17:34+0500
сыбайлас жемқорлық
астана
құрылыс
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бас директоры Р. Кадесов пен азамат О.Давлетовке қатысты үкім шығарды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Кадесов Давлетов арқылы Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Кадесовке 10 жыл, Давлетовке – 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот Кадесовтың мүлкін құны пара сомасына тең төрт автокөлік құралы түрінде тәркіледі, сондай-ақ мемлекет кірісіне 170 млн теңге мөлшерінде пара сомасы өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20240115/astanada-8-qurylys-kompaniyasy-litsenziyasynan-ayyryldy-41584675.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық, астана, құрылыс
сыбайлас жемқорлық, астана, құрылыс
Астанада пара алған құрылыс компаниясының басшысы сотталды
Сот үкімімен "Елорда Құрылыс Компаниясы" бас директорына 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бас директоры Р. Кадесов пен азамат О.Давлетовке қатысты үкім шығарды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Кадесов Давлетов арқылы Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Кадесовке 10 жыл, Давлетовке – 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот Кадесовтың мүлкін құны пара сомасына тең төрт автокөлік құралы түрінде тәркіледі, сондай-ақ мемлекет кірісіне 170 млн теңге мөлшерінде пара сомасы өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.