Ақтөбе облысында жолда қалған шетелдіктер құтқарылды

Sputnik
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысы "Самара-Шымкент" тас жолында Өзбекстан мен Тәжікстанның 38 азаматы отырған автобус бұзылып, жолда қалды.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық жолаушы Ырғыз ауылына аман-есен жеткізілді, оларға қажетті қолдау көрсетілді.
Ал Оралда құтқарушылар пәтерде құлыпталып қалған балаға көмекке келді. Екі жасар бала кездейсоқ пәтерде құлыпталып қалған, ал баланың ата-анасы алыс жерде болған. Құтқарушылар арнайы құралдарды пайдаланып есікті ашты.
Көктайғақ салдары: Қарағандыда автобус жүргізушісі ер адамды қағып өлтірді