Көктайғақ салдары: Қарағандыда автобус жүргізушісі ер адамды қағып өлтірді

© Photo : Пресс-служба акима АстаныГололед в Астане
Гололед в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Қарағанды қаласында автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. 56 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция депаратменті таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Липецкая көшесінде болған. Кешкі сағат 19.00 шамасында 53 жастағы автобус жүргізушісі тайғақ жолда рөлге ие бола алмай, 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
"Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды", - дейді полицейлер.
Ал Шахтинск және Теміртау қалаларында болған жол апатынан екі адам зардап шекті. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.
Тәулік ішінде тіркелген қалған 19 жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ.
Полиция департаменті көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден тайғақ кезінде жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Архивное фото дождя в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2024
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады
Жаңалықтар
0