АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің экс-төрағасы Нұрболат Дербисов 5 жылға сотталды, деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 млн теңге сомасында пара алған", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Ізбасаров 1,7 млн теңгені өзіне заңсыз аударып, билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды.
Сотталушылар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан да айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.