ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің экс-төрағасы сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2024
Жазылу
Шенеуніктер бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін 39,7 млн теңге сомасында пара алған
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің экс-төрағасы Нұрболат Дербисов 5 жылға сотталды, деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 млн теңге сомасында пара алған", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Ізбасаров 1,7 млн теңгені өзіне заңсыз аударып, билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды.
Сотталушылар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан да айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2024
Шымкентте зиратқа бөлінген ақшаны жымқырған шенеуніктер сотталды
Жаңалықтар
0