АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлады Ақорда.
Париж әуежайында Қазақстан президентін Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.
Ертең Елисей сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді.