Тоқаев Макронға асық ойнауды үйретті

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев учил Макрона играть в асыки
Токаев учил Макрона играть в асыки - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Жазылу
Этноауыл аумағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макронға жас жеткіншектер асық ойынын көрсетіп, саятшылар мен құсбегілер халқымыздың аңшылық дәстүрі туралы әңгімелеп берді
АСТАНА, 1 қараша - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен бірге "Этноауыл" ұлттық көрмесін аралады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекеттер басшылары бастаған делегацияны көрме алаңында Жас көрермендер театрының әртістері мен "Қорқыт" этно-фольклорлық ансамблі ән шашумен қарсы алды.
Франциядан келген жоғары мәртебелі меймандар жеміс-жидекпен безендірілген "Көк базарды", қолөнер бұйымдарын және қазақ суретшілерінің картиналарын, сондай-ақ отандық дизайнерлер әзірлеген ұлттық сән үлгілерінің дефилесін тамашалады.
Сонымен қатар шетелдік қонақтарға Ұлттық музей қорындағы экспонаттардан ("Алтын адам", "Берел жылқысы", "Сармат көсемі", "Қыпшақ жауынгері" т.б) жасақталған "Ұлы дала алтыны" экспозициясы, Ықылас Дүкенұлы атындағы мұражайдағы ұлттық музыкалық аспаптар таныстырылды.
Этноауыл аумағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макронға балуандарымыз қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін, жас жеткіншектер асық ойынын, ал саятшылар мен құсбегілер тазы иттері мен қыран құстарын көрсетіп, халқымыздың аңшылық дәстүрі туралы әңгімелеп берді.
Жаңалықтар
0